Қостанай облысы жылыту маусымына дайын — Мұхамбетов

Бүгін алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша кеңес өткіздім деп жазды Қостанай облысының әкімі өзінің instagram парақшасында. 

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, жалпы облыс жылыту маусымына толық дайын.
«Оның ішінде Рудный қаласының алдағы жылыту маусымына дайындығы қаралды.
Бюджеттен «Рудненский водоканал» ЖШС және «Рудненская теплосеть» ЖШС үшін арнайы техника сатып алуға жалпы сомасы 387 млн теңгеге ақшалай қаражат бөлінді» деп жазған өңір басшысы.

Сондай-ақ әкім кеңес қорытындысы бойынша жылыту маусымын үздіксіз өткізу шараларын қабылдауды тапсырған.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *