— Құрметті Гүлжан Ермашқызы! Өзіңіз басқарып отырған басқарма өңіріміздегі мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік тілдің серпінді дамуына жәрдемдесу, ана тіліміздің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші функцияларын кеңейту сияқты мәселелермен айналысатыны түсінікті, десек те жалпы, қазіргі күні облыстағы тілдік ахуал қалай өзі? — Әуелі мына жайтқа тоқтала кетейін, ол туған жеріміздің тарихи атауларының қайтарылуы туралы баяндай кетсем. Қостанай, Алтынсарин, Қамысты, Бейімбет Майлин, ...
Толығырақ »Monthly Archives: қазан 2020
Нәзипа Құлжанова. Оның жеке іс қағаздары қайда?
Қазақ руханиятының тарам-тарам салалары біртіндеп зерттеліп жатыр. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-әлеуметтік оқиғалар мен тарихи тұлғалардың арнайы зерделенуінің үлкен үрдіске ұласуы қуантатын жағдай. Десе де осынау дүрбелең тұстағы қазақтың көрнекті тұлғаларының бірі Нәзипа Құлжанованың қайраткерлік, шығармашылық, мәдени-ағартушылық мұрасы ғылыми тұрғыдан бағалауды қажет ететіндей. Ағартушылық еңбегі мен ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттаушы, қазақ сахарасында мәдени-этнографиялық кештер өткізу дәстүрін қалыптастырушы ретіндегі ұлан-ғайыр ...
Толығырақ »Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады — Архимед Мұхамбетов
Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиында карантин шектеуін сақтау мәселесі қарастырылды. Мониторинг топтары өткен аптада 1 173 нысанды тексерген. Оның ішінде 49 нысан карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзған. «Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары жаппай бұқаралық іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұған қоса бизнес өкілдерінің карантин талаптарын сақтамау фактілері бар екенін атап өткім ...
Толығырақ »Қостанай облысы сапалы ауызсуға қашан жариды?
Қостанай облысында халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші неге төмен? Бұл сауалға Үкіметтің онлайн отырысында аймақ басшысы жауап берді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. Қостанай облысы әкімі Архмимед Мұхамбетовтың айтуынша, облыста 529 елді мекен бар. «Оның тоғызы қала және олар толықтай орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Ауылдық жерде ауызсумен қамтамасыз ету жағдайы күрделі. Өткені кеңестік кезеңде облыс Ресей және Солтүстік ...
Толығырақ »Қостанайлық 80 жастағы зейнеткер Ресейдегі ғашығына жете алмай отыр
Қазақстандық 80 жастағы зейнеткер Ресейдегі ғашығына жете алмай отыр. Алғашқы махаббатын 65 жыл өткеннен кейін тапқан ақсақалды көші-қон құжаттарын дұрыс рәсімдемегені үшін көршілес елден депортациялаған. Бұл туралы arasha.kz сайты жазды. Романтикалық оқиға сонау Кеңес Одағында басталыпты. Александр Крум мен Ольга есімді сұлу Қазақстанда оқып жүргенде танысады. Үш жылғы достықтары сүйіспеншілікке ұласады. Бірақ Оля оқуын жалғастыру үшін Пермь қаласына кетеді. Александр ...
Толығырақ »Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап шығарды (видео)
Белгілі гиперреалист мүсінші, суретші Айдос Есмағамбетов данышпан Абайдың мүсінін жасап жатыр. «Биыл Абай атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай ұлы ақынның мүсінін жасап шығуды ойладым. Алдымен шағын мүсіншесін сомдап шықтым. Ендігі кезекте өзің көріп отырған мына мүсінмен жұмыс істеп жатырмын. Жұмыстың 80 пайызы дайын болды. Әрине, оңай болып жатқан жоқ. Мүсінді данышпан бабамыздың фотосуретіне қарап дайындау үстіндемін», — ...
Толығырақ »Торғай халқы Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге қарсы!
Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге Торғай өңірінің халқы түбегейлі қарсы. Қазақстандағы Биоалуандықты сақтау қауымдастығы автомагистраль Торғай даласы арқылы өтсе, киіктердің өсімі күрт төмендейді деп мәлімдеген болатын. Алайда осы жолдың салынуын ондаған жыл бойы күткен жергілікті жұрт мұндай уәж мүлде қисынсыз деп есептейді. Борпылдаған топырақ, бұрқыраған шаң. Аманкелді, Жанкелдин ауылдарына баратын жолдардың бәрі осындай. Бетіне асфальт төселмеген, қар еріп, жаңбыр жауса, ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (соңы)
Сартүбекте. Ахаңның анасының қуанышы 1910 жылдың желтоқсаны. Торғайда қыстың аязды мезгілі басталған кез. Күн ашық, желсіз. Ақбоз ат мінген жолаушы Қызбел жақтан Аққұмды бет алып келе жатыр. Таң атқаннан бері орта жолға жетіп қалған сияқты. Көкалат тұсынан өтіп, Аққұмға қарай тура тартып келе жатыр. Жер бетінде қар жұқа, кей тұста ақ топырағы көрініп қалады, соған қарап, Аққұмның шетіне түскенін жолаушы ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (жалғасы)
Байтұрсынұлының Орынборға жер аударылуы 1910 жылдың сәуірі. Семей қалалық түрмесінің алдына бір топ адам жиналған. Олар — Ахаңды, Бәдрисафаны Орынборға шығарып салушылар. Арасында М.Дулатов, ерлі-зайыпты Құлжановтар бар. А.Байтұрсыновты Семей жандармериясы соттан кейін Орынбор жандармериясының бақылауына апарып тапсырмақ. Бәдрисафаға Ахаңмен бірге баруға жандармерия рұқсат берген. Әне, екі конвой Ахаңды екі жағынан қоршап, жабулы ат арбаға қарай алып келеді. Жұрт Ахаңмен көрісіп, ...
Толығырақ »Мен қалай депутат болып кете жаздадым?
2011 жыл болуы керек. Мен қалай депутат болып кете жаздадым?Анық білмеймін, бірақ Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңы еді. Аяқ астынан астанадан Жасұлан Айсағали ағам звондап, маңызды бір құжатты поездан күтіп алып, Аманжол Күзембай ақсақалға апарып беруді тапсырды. Айтқанын бұлжытпай орындап, әлгі пакетті тарихшы ағайымның қолына ұстатып, жылыстай беріп едім, ол кісі тоқтатып алды. «Асықпа, бірге оқиық» деп, ашып, бір-бірлеп алып көз ...
Толығырақ »