2021 жылғы 30 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 41 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,26 % құрады деп хабарлады tobyl-torgai.kz.
Ауырғандар: Қостанай қ. — 22, Рудный қ. — 5, Арқалық қ., Жітіқара қ., Әулиекөл, Қарабалық аудандарында 2 — ден, Алтынсарин, Амангелді, Денисов, Меңдіқара, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 1-ден.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 39 адамда ауру белгілері болды, 2 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 30 мамыр аралығында COVID-19-дың 15711 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 14886.
фото: ашық дереккөз