25.05.2021

Тоқаев Мұхамбетовке Арқалық ЖЭО жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай өңірінің биылғы төрт айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға инвестиция салу және тұрғын үйлерді пайдалануға беру салалары бойынша  оң көрсеткіштер бар. Қостанайда құны шамамен 80 млрд ...

Толығырақ »

Қостанайда Тарелочка өзеніне түскен жасөспірім тіл тартпай кетті

Бүгін таңертең Қостанай қаласы әуежайының жанындағы Тарелочка өзенінде қайғылы оқиға болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Бүгін сағат 10:30-да жедел жәрдем қызметіне телефон шалынды. Оқиға орнына шыққан медициналық қызметкерлер бригадасы 15 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шыққанша күтті. Оны қарау кезінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Бірақ, өкінішке қарай, одан нәтиже шыққан жоқ. Жедел жәрдем бригадасы баланың өлімін тіркеді» — деп ...

Толығырақ »

Ауыл әкімдерін сайлау: Қарин заң нормаларын түсіндірді

Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин жаңа Конституциялық заң нормаларын түсіндіріп, елімізде биыл алғаш рет әкімдер сайлауы өтетінін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Қазіргі уақытта Президенттің саяси реформалары аясында 10 заң қабылданды. Бүгін қол қойылған заңдар Мәжіліске саяси партияларды өту үшін шекті деңгейді 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» бағанын енгізу және биыл белгіленген ауыл әкімдері сайлауын өткізу ...

Толығырақ »

Президент бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Ақорда-ға сілтеме жасап.  «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ...

Толығырақ »