Қостанай облысында 27 жастағы ер адамға найзағай түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Жітіқара ауданы Чайковский ауылында тіркелді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам жылқы бағып жүрген. 19 шілдеде марқұм мал жайып жүріп туыстарымен байланысы үзілген.
Келесі күні елді мекеннен 5 шақырым жерде жазық далада оның денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі көрінбеді. Оның жанында жеке заттары мен ұялы телефоны болған, — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу әрекеті мен сараптамалар жүргізіліп, ер адамның өліміне басына ұрған найзағай себеп болғаны анықталды. Сондай-ақ қайғылы оқиға орнында малшы мінген жылқының өлексесі табылды.
Фото: Twitter