Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды), Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов. ...
Толығырақ »Tag Archives: Жітіқара
Астана-Жітіқара пойызы іске қосылады
Биылғы 3 қыркүйектен бастап Астанадан Жітіқара қаласына пойыз қатынайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратты. 3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, — делінген хабарламада. «Астана – Жітіқара» бағытындағы вагондар 104 орынға есептелген. Пойыз күнара қатынайтын болады. «Нұрлы жол» вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, ...
Толығырақ »Жітіқара ауданында жылқы бағып жүрген ер адамға найзағай түскен
Қостанай облысында 27 жастағы ер адамға найзағай түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Жітіқара ауданы Чайковский ауылында тіркелді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам жылқы бағып жүрген. 19 шілдеде марқұм мал жайып жүріп туыстарымен байланысы үзілген. Келесі күні елді мекеннен 5 шақырым жерде жазық далада оның денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі ...
Толығырақ »Жітіқарада бірнеше иттің өлексесі табылды
Қостанай облысында иттердің өлексесі табылды. Бұл дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, Жітіқара қаласының полициясы иттердің өлексесін табу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша соталды тергеу бастаған.
Толығырақ »«Дәрі-дәрмектен қағылдық»: Қоғамдық бақылау тобы жауап берді
Қостанай облысы Қоғамдық бақылауының жұмысы Жітіқара қаласында жалғасты. Әлеуметтік желілерде тұрғындар Жітіқара аудандық ауруханасының жұмысына сын айтып, мәселе көтерген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Атап айтқанда, тұрғындар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмектерінен қағылып жатқандарын сөз еткен. Іске Қостанай облысының Қоғамдық бақылау тобы араласты. Олар полиция өкілдері және волонтерлермен бірге 23-27 қараша аралығында Жітіқараға барып, ауруханадағы жағдаймен танысты. «Жітіқаралық тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарын ...
Толығырақ »Жітіқарада ер адам баласына алимент төлеуі үшін пәтерін сатты
Қостанай облысының Жітіқара ауданында бірнеше жылдан бері баласына алимент төлемеген азамат пәтерін сатуға мәжбүр болды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл мәліметті Қостанай облысы жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы таратты. Ер адам баласын асырап-бағуға 1,5 млн теңге қарыз болып қалған. «Бұрын бұл іспен мемлекеттік сот орындаушы айналысқан болатын, кейіннен шағымданған келіншек өз арызын қайтарып алды. Оның бұрынғы күйеуі алиментті уақытылы төлеп тұруға уәдет ...
Толығырақ »Клиенттердің құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеген
Жітіқаралық құқық қорғаушылар алаяқтықпен айналысқан банк қызметкерін ұстады. Күдікті банк бөлімшелерінің бірінде қызмет істеп жүріп, клиенттердің жеке куәліктері арқылы несие рәсімдеген. Сөйтіп, оңай олжаға кенеліп отырған. 25 жастағы банкир жігіт мұндай әрекетпен бір жылдан бері айналысып жүріпті. Айласын асырып дәніккен ол банк клиенттерінің құжаттарын пайдаланып, шағын несиелік ұйымдардан ғаламтор арқылы несие рәсімдеп отырған. Қарыз сұраушыдан көп құжат талап етпейтін, онлайн жұмыс ...
Толығырақ »Бойжеткеннің өліміне «бір жапырақ қағаз» себеп болды ма?!
Осыдан біршама уақыт бұрын Қостанай облысы Константиновка ауылының 22 жасар тұрғыны — Айгүл Құсайынова есімді мұғалім қыздың дәрігерлердің немқұрайлылығынан қайтыс болғаны туралы хабар тарап, тіпті, оның өлер алдындағы хаты әлеуметтік желіде пайда болған еді. Айгүлдің ата-анасы оның өмірден ерте кетіп қалуына «медициналық көмек тіркелген жерде ғана көрсетіледі» деген ереженің себеп болғанын алға тартады. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Астана» телеарнасына сілтеме ...
Толығырақ »