Қостанай облысы Таран ауданы Аят ауылындағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай 30 қараша күні кешкі сағат 17:00-де болған. Баллон жарылып, үйдің 20 шаршы метрі өртеніп кеткен. Бір сағаттан соң келген төтеншеліктер қызыл жалынды жарты сағатта сөндіріп үлгерген. 1963, 1980 және 1989 жылғы тұрғындар ауруханаға жатқызылды. tobyl-torgai.kz
Толығырақ »