Жантық пен Тантықтың жатарға төсегі бөлек демесең, айтарға өсегі де, киетін киім-кешегі де, қыртқаны мен құртқаны, жұтқаны мен ұққаны да ұқсас. Мінез-құлқы есектің екі құлағындай егіз, екеуі де тоқ қаздың бөтегесіндей бұлтиған семіз. Бар айырмасы беттерінде: бірінің жүзі бөдененің жұмыртқасындай безеу-безеу болса, екіншінің әлпеті сарымай салынған қарындай сазара жылтырып тұрады. Сосын бір «сәл-пәл» өзгерек жері, Жантық — сақаулау, Тантық — ...
Толығырақ »