Кішкентай кезімде ауылдан 60 шақырым қашықтықтағы Торғай қаласына әкеммен бірге барып едім, сонда елден шықпаған бала — мына мен Торғайда революцияға дейін салынған әсем ғимараттарды көріп таңғалған едім. Өйткені, теледидардан көріп жүрген Ленинградтың (Санкт-Петербургтың) ғимараттарындай ерекше ғимараттар дәл осы Торғайда сақталып қалған болатын. Ол үйлер қазір жоқ, білуімше, қазіргі Мұражай үйі мен тағы бір ғимарат сол дәуірдің ескерткіштеріндей болып тұр, ...
Толығырақ »