Tag Archives: Футбол

Стамбұлдағы УЕФА чемпиондар лигасы

Биыл 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға келген жанкүйерлер қауымы футболмен бірге рухани азық алып қайтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қызықты мәдени және көркем өмірімен, дәмді дәмімен, тарихи орындарымен, қайталанбас қалалық сәулетімен, қыз-қыз қайнап жататын түнгі өмірімен және ойын-сауық-сауда орындарымен баурап алатын Стамбұл туристер мен жанкүйерлерді асыға күтеді. Чемпиондар ...

Толығырақ »

Қостанай облысы әкімдігі «Тобыл» футбол командасына 1,2 млрд теңге бөлген

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті футбол командасына 1,2 млрд теңге бөлді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан лоттың сипаттамасына сүйенсек, аталған сома «Қазақстан футбол федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылы облыстық футбол командасының негізгі, қайталама құрамын ұйымдастыруға және дайындауға және олардың футболдан республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге» бөлінген. Тапсырыс беруші – Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру ...

Толығырақ »

Футбол: «Тобыл» қақпашысы рекорд жаңартты

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Эмиль Балаев өз қақпасына 699 минут бойы гол жібермеген. Бұл — 2019 жылғы футбол маусымының жаңа рекорды.  Әзербайжан құрамасының қақпашысы соңғы рет осы жылдың 28 шілдесі күні «Қайсар» шабуылшысы Куле Мбомбодан гол жіберді. «Эмиль Балаев осы маусымдағы өзінің рекордын қайта жаңартты. Бұған дейін оның көрсеткіші 683 минут болған. Егер ол алдағы матчта 14 минут қақпасын «аман» ұстаса, ...

Толығырақ »

Нұрбол Жұмасқалиев спорттық мансабын аяқтады

Елімізге белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев спорттан кететіндігін хабарлады. Ол бүгін «Тобыл» сапында соңғы мәрте жасыл алаңға шығып, Петропавлдың «Қызылжар» командасы қақпасына гол соқты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылғы 11 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Футболшылық мансабын 1998 жылы Оралдың «Нарын» командасы сапында бастады. 1999-2000 жылдарда Талдықорғанның «Жетісу» клубында ойын көрсетсе, 2000-2010 жылдарда Қостанайдың «Тобылының» жейдесін киді. Ал ...

Толығырақ »