Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің біріне қарумен барып, 792 мың теңгені иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ автокөліктер тексерілді. Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама ...
Толығырақ »