Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те COVID-19 індетіне шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке қарай, Covid-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай қаласы
Қостанайда жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласы мен Қарабалық ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Облыс әкімі алдымен Қарабалық ауданында болып, «Урнек-ЛА» ЖШС астық кешенімен танысты. Кәсіпорын астықты қабылдау, қайта өндеу, сақтау және кешенді салу бойынша қуаты жылына 30 мың тонна негізінде қызмет көрсетеді. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. Архимед Мұхамбетов серіктестік басшылығына ...
Толығырақ »Әсия БЕРКЕНОВА, ақын: Қостанайда қазақ тілінде білім беретін 16 мектеп бар (Видео)
«Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебін жабайын деп жатыр» деген дақпыртқа өз пікірімді қоспақпын. Өтіріктен бастау алған жалғандықтың тамыры терең болмас. Біріншіден, Қостанай қаласында 6 қазақ мектебі, 10 аралас тілді мектеп бар. Мақала иесі айтып отырған 24 бастауыш мектеп тоқсаныншы жылдардың ортасында əйтеуір бір қазақ мектебін ашып алайық деген мақсатпен балабақша ғимаратында ашылды. Сол ашылған сəтте бірден бұл уақытша мектеп екені, мұнда ...
Толығырақ »Мектебіміздің шалғайға көшірілуіне қарсымыз!
Қостанай қаласының әкімдігі қаладағы Алтынсарин көшесі, 107 мекен жайда орналасқан бастауыш білім беретін №24 мектеп-гимназияны Бородин көшесі 138/1 бойында тұрған бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратына көшіруге шешім қабылдағалы отыр. Керісінше, гимназия ғимаратын балабақша етпекші. Кеше осы мәселеге қатысты Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов білім ордасында ата-аналармен кездесу өткізді. Билік тарапы мен ата-аналар бір шешімге келе алмадық. Бұл 20 жылдан астам тарихы ...
Толығырақ »Қостанай қаласының әкімі есеп берді
Қостанай қаласының жаңа әкімі Қайрат Ахметов бұл лауазымға ақпан айының 1-де ғана тағайындалған болатын. «Өткелде ат ауыстырмайды» дегенмен, қаланың бұрынғы әкімі денсаулығына байланысты өз өтініші бойынша қызметтен кеткен. Сонымен, жаңа әкім қызметке келе сала үш күннен кейін қала тұрғындары алдында есеп берді. Қостанай қаласы — облыс орталығы ғана емес, өңір экономикасын алға сүйрейтін өндірістердің де шоғырланған орны. Есепті жылы қала ...
Толығырақ »Қостанайдағы жеделсатылардың тең жартысы жарамсыз
Қостанайда 289 лифтінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Қатарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыста құрылыс нысандарына жүргізілетін тексеріс биыл 30%-ға кеміген. Десек те, өңірде жаңа бой көтеріп жатқан құрылыс нысандары көп. Олардың жұмыс сапасы жіті бақылауда болуы тиіс. Осы мақсатта жыл басынан бері жоспардан тыс 195 тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде ...
Толығырақ »