Tag Archives: құрғақшылық

Торғай өңірінде құрғақшылық болады

«Казгидромет» маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатынын хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Казгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты болмақ. Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік және орталығында құрғақшылық күтіледі. Болжам бойынша, құрғақшылық Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, сонымен қатар, Қарағанды облысының Шет ауданында болмақ. Фото: pixabay.com

Толығырақ »

Қостанай облысының бірқатар ауданында жем-шөп қурап кеткен

Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ. Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, ...

Толығырақ »

Маусымда Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады

Синоптиктердің болжауынша, маусым айында құрғақшылық болуы мүмкін деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан территориясының басым аумағындағы ылғалдылық статистикалық болжамына сәйкес, маусым айында ылғал жеткіліксіз болады деп болжайды. «Ақмола (Жақсын ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), ШҚО (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады деп болжанады», — деп ...

Толығырақ »