Мамандар Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде өлген жануарлар мен құстардың санын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасап. Жергілікті сайттың мәліметінше, Әулиекөл ауданында өрт кезінде өлген ауылшаруашылығы жануарларының құнын өтеуге қатысты түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев Әулиекөл ауданының Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарында өлген жануарлар мен құстардың санын нақтылау бойынша ...
Толығырақ »Tag Archives: Өрт
Әулиекөл ауданындағы өрт өшірілді
Бұл туралы жедел штаб басшысы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылды. Жанудың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Восток РМК ...
Толығырақ »«Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді
Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Мәжілістің кулуарында журналистердің бірі Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылғаны туралы әлеуметтік желіде қызу пікірталас жүріп жатқанын айтты. Мәжіліс төрағасы осыған қатысты өз пікірін білдірді. Бүгінде бәрі де мүмкін. Бірақ оның барлығына тергеу және құқық қорғау органдары өз жауаптарын беруі керек. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. ...
Толығырақ »Қостанай облысындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асып кетті
ТЖМ жедел штабы Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша 6 қыркүйекке арналған жедел ақпаратты таратты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жедел штаб мәліметі бойынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) қарауылдау ұйымдастырылды. Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейді. Сағат 7:30 бастап өрт аумағына ...
Толығырақ »Тоқаев ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап. Сәлеметсіздер ме. Барлық өрт сөндіруші, барлық қызыл жалынмен күресушілер! Барлығыңыз төтенше жағдай уақытында танытқан ерліктеріңіз үшін марапатталасыздар. Барлығыңыз баспанамен және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілесіздер. Ал қазір жұмысқа кірісейік, — деді Президент. фото: дереккөз
Толығырақ »Аманқарағай ауылының тұрғындары үшін 100 шаршы метр баспана салынады – министрлік
Қостанай облысындағы өрттің салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар үшін жаңа тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тілсіз жалыннан ең көп зардап шеккен елді мекеннің бірі – Аманқарағай ауылы. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы өрт 108 нысанды шарпыды. Оның 91-і – тұрғын үй. Соның ішінде Аманқарағай ауылында 85, Озерное ауылында 6 баспана зақымдалған. ...
Толығырақ »Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты, — делінген хабарламада. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына ...
Толығырақ »Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыстың ВИДЕОСЫ тарады
Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. «Оружейная палата» аңшылық дүкенінде болған жарылыс сәті сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Еске салсақ, 3 қыркүйекте сағат 11:20-да қаладағы Н.Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында бір қабатты «Оружейная палата» аңшылық дүкенінің ғимаратынан шыққан өрттің соңы жарылысқа ұласқан болатын. Өрт жақын маңдағы ТЖО ғимаратының шатыры ...
Толығырақ »«Адами факторды жоққа шығаруға болмайды»: ТЖМ өртке қатысты мәлімдеме жасады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысындағы өртті Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, өрттің ықтимал себептері бойынша тергеу жүргізілуде. Біріншіден, адам факторын жоққа шығаруға болмайды, өйткені өрт алдындағы күндері найзағай түсу сияқты табиғи құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан әртүрлі нұсқалар ...
Толығырақ »Аманқарағай ауылындағы қазіргі жағдай қандай (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қостанай облысы Аманқарағай ауылында өртсөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Зардап шеккен ауылдың келбетін Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғаповтың репортажынан көруге болады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы — ең көп зардап шеккен ауыл. Мұнда 91 үй өртенген. Олардың барлығы жанып кеткен. 4 қыркүйекте кешке түтін Әулиекөлден Лаврентьевкаға дейін жеткен. ТЖМ мәліметтері бойынша, қазір бес учаскеде, яғни Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарында ...
Толығырақ »