04.08.2017

Кейкі батыр мавзолейінің құрылысы аяқталып қалды

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс батыры Кейкі батырдың сүйегі мавзолейде сақталады. Қостанайда оның құрылысы аяқталып қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов хабарлады. Торғай жерінде қазір жазушы, педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мавзолейін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. «1992 жылы салынған мавзолейді күрделі жөндеуден өткізуге облыс әкімі бюджеттен 80 миллион теңге бөлді. Бұл екі мавзолей Қазақстанның республикалық маңызы бар ...

Толығырақ »

Ертең елордада Тобыл-Торғай өңірі өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Ертең елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Қостанай облысының мәдени күндері басталмақ. Екі күнге созылатын ауқымды шарада Тобыл-Торғай өңірі өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды kostanaytany.kz. Сауда Қ.Мұнайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінде 5-6 тамыз аралығында, сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүреді. Бүгін Қостанайдан 650 тонна тауар елордаға жол тартты. Көшті Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов шығарып салды. — Облыстағы 11 аудан ...

Толығырақ »