Қостанайда Шақшақ Жәнібек батыр ескерткіші бой көтерді

Жаңа ескерткіш Қарбышев көшесі мен әуежайға баратын жолдың қиылысында орналасқан деп хабарлайды alau.kz.
Ескерткіш тұрғызу адамдардың ерікті түрдегі қайырымдылық ісіне айналып барады. Мердігерлер ескерткіштің нақты бағасын айтпай отыр.

«Бізге екі мың теңгеден бастап, бірнеше миллионға дейін көптеген сома ұсынылды. Ескерткішті тұрғызу жұмыстары қаңтар айында басталды. Мүсінші — белгілі мәдениет қайраткері Қадыржан Кәкімов. Барлығы 270 тонна тас жұмсалды. Ескерткіштің өзіне Алматы облысында өндірілген қола пайдаланылды» деді мердігер-фирма басшысы Дулат Шаяхметов. Абылай ханның қолбасшыларының бірі Жәнібек Қошқарұлы 1693 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген. Ол шебер қолбасшы болды, сол үшін жоғары әскери атаққа ие болып, беделді мемлекет қайраткері атанды. Шақшақ Жәнібек 1752 жылы қайтыс болып, Түркістан қаласында жерленген.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *