(Торғай туралы толғау) Кеудемде соғып тұрар сәт басылмай, Мендегі үлкен жүрек – Ат басындай. Кестелеп, Атақ-даңқын жазып қойған Торғайым Мәңгіліктің тақтасындай. Ұрпағың кенелгенмен бар атаққа, (Мен өзім малданбаймын марапатқа). Тақтаға теңегенмен Торғайымды, Ол бірақ Осы күнде – Қара тақта. Байлықпен басын байлап осы көптің, Ұрпағын батырлардың жасық еттің… Ақыры Біздің Торғай Бұл заманда Айналды тақтасына Қасіреттің. ...
Толығырақ »