Қостанайда 6 наурызда, яғни, кеше «Наурыз» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Төртінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтердің балконы өртенді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, балконнан үйге кіретін есік, балкон жабдықтары және үй заттары өртенген. Өрт аумағы — 6 шаршы метр.
«Пәтер иесі — 55 жастағы әйел адам құтқарылды. 35 адам эвакуацияланды, оның ішінде екеуі — бала. Оқиға орнына № 3 өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 7 адам мен үш арнайы техника жұмылдырылды» деді ТЖД өкілдері.
Тобыл-Торғай-ақпарат