Мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек — Е.Сағадиев

Мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз электрондық журналды қағаз есепке теңестірдік. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керекпіз. Оны қайталап тағы қағаз түрінде толтыру қажет емес және оған тыйым салынды. Тиісті бұйрық қабылданды» деді министр. Сонымен қатар Е. Сағадиев бүгінгі күні мектептің мұғалімдері жүргізетін құжаттар бекітілгенін сөз етті.
«Олар тек 5 құжатты толтырады және электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электронды түрде жүргізуге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты да бұйрық бар. Алдағы уақытта мұғалімдер өздерінің функцияларына сәйкес емес жұмыстарды істемеуі үшін, барлық деңгейдегі басшылар аталған мәселені өз бақылауында ұстауы керек» деді ведомство басшысы.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

«АХМЕТ ұшқан алтын ұя»: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы семинар өткізді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «АХМЕТ ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *