ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жалған ақпарат тарату фактілері туралы мәлімдеді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру байқауының нәтижесі жарияланған соң, еліміздің бірқатар ғалымы ұлттық ғылыми кеңестерден, ҚР БҒМ-нан, Ғылыми комитеттен, басқа да меморгандар мен БАҚ өкілдерінен даулы мәселені егжей-тегжейлі түсіндіріп беруді сұраған болатын. «Бұл ретте, интернет-ресурстардың бірінде мемлекеттік орган қызметінде сыбайлас жемқорлық схемасы құрылғаны туралы жала жабылған посттар пайда болды. Аталған ақпараттардың барлығы бүркеншік аттармен жазылған. Сонымен бірге Ғылым комитетіне ғалымдар шағымданып, Мемлекет басшысының атына жазылған хаттың соңына олардың қолдарын өзге біреулер қойғанын айтты. Қолданыстағы заңнамаға байланысты жалған ақпараттың таралуы жөнінде құқық қорғау орындарына шағымдануымызға тура келді» деп жазылған ведомство сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Комитеттің мәлімдеуінше, полиция фейк-аккаунттар арқылы жалған ақпарат таратқан адамдарды іздестіріп жатыр.
«Даулы сұраққа байланысты бізге жүгінген ғалымдарға қояр ешқандай кінәміз жоқ. Сондықтан қалың жұртшылықтан желілерде жалған ақпарат таратпауды сұраймыз» деп жазылға ведомство сайтында.
Фото: tech.wp.pl
inform.kz