Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қостанай облысы әкімі аппарат басшысының бұйрығымен Сандыбаев Мұрат Миртайұлы Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып  тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұрат Миртайұлы 1988 жылы дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін программист мамандығы бойынша тәмамдаған. Менеджмент саласының экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2010 жылы Қостанай облысы әкімі аппаратының Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінде компьютерлік қамтамасыз ету маманы болып бастаған.

2013-2015 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінде бас маман, бас инспектор және бөлім жетекшісі қыметтерін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің көмекшісі болды.

2016 жылдың қарашасынан бері Федоров ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *