ЖОО қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Кенжебек Иманқұловтың айтуынша, мессенджерлер арқылы тарап жатқан ақпарат жалған. «Иә, ол хабарлама үш-төрт күннен бері біздің жақта да тарап жатыр. Ондағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біреу WhatsApp-пен таратып жіберген ғой. Негізі, бізде физика-математика мамандығы бойынша мақсатты түрде 6 грант, сосын «Серпін» бойынша 25 грант бөлінді. Сонда барлығы 31 грант. Осы гранттарға қанша ұпаймен өтетіні тек конкурсқа ғана байланысты. 50 ұпаймен өтеді деген меже жоқ. Құжат қабылдау ертеңге дейін жалғасады. Ал конкурстың нәтижесі 5 тамызда шығады. Қазір оңтүстік аймақтар «Серпінмен» келетіндерді белгілеп жатыр. Бірақ 50 ұпай алғандардың бәрін өткізеді деген әңгіме жоқ. Барлығы тек конкурспен ғана шешіледі», — деді К.Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Тобыл-Торғай-ақпарат