Цифрландыру бағдарламасы: Қостанайда 130 жоба іске асады

Қостанайдағы пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативі (ПИТК) «е-Қостанай» жүйесіне қосылады. Облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімов Қостанайдағы ПИТК жаңа жүйеге көшетінін айтты. «Қостанайда «Ақылды бағдаршам», «Ақылды транспорт» және SmartKostanay сынды мобильді қосымшалар іске қосылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар көпқабатты үйлердің қабырғаларына QR-кодтар орнатылды. Бұл әр ғимараттың тарихы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта цифрландыру бағдарламасы бойынша «е-ПИК», «Ақылды аудан» жобалары жасалып жатыр», — деді Еркебұлан Әбдікәрімов. Бүгінге дейін Қостанайдағы 30 ПИТК «е-ПИК» жүйесіне қосылды. Жыл аяғына дейін барлық ПИТК жаңа жүйеде жұмыс істейтін болады.

«Бұл жүйе ПИТК жұмысының шынайылығын көрсетеді. Жұмыс көлемі, сапасы туралы мәліметтерді қарауға болады. Жыл соңына дейін 56 ПИТК қосылады», — деді басқармасы басшысы.

Жиында айтылғандай, облыста цифрландыру бағдарламасы аясында 11 бағытта 130 жоба іске асады. Жол картасы жасалды, шараларға өңірдің барлық қала-ауданы атсалысады.

Еске сала кетсек, Еркебұлан Әбдікәрімов алдағы уақытта Қостанайдағы жолаушылар автобустарының барлығы «Авто-Төлеу» жүйесіне қосылатынын айтқан болатын.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...