Белгісіз біреудер Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады.
Алдын ала болжам бойынша, белгісіз біреулер қара түсті көлікпен ішкі істер бөлімі ғимаратына жақындап, оқ жаудырған. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.
«Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ және оның мән-жайы анықталуда» деді Ирина Беженарь.
Тобыл-Торғай-ақпарат