Жастар жылына қанша ақша бөлінеді?

Қазақстанда Жастар жылына республикалық бюджеттен 24,6 миллиард теңге бөлінеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«18-29 жас аралығындағы азаматтарға 3 миллион теңге көлемінде 200 грант бөлінеді. Ол үшін «Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасы аясында 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Гранттар инновациялық, IT, сондай-ақ, тиімді және қажетті бизнес жобаларды таныстырған жастарға бөлінеді. Бұл жастарға кәсіпкерлік ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жақсы start up бастауға мүмкіндік береді» деді Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 9 мың мемлекеттік грант бөлу қарастырылып отырғаны айтылады. Вице-министр гранттардың «Бастау Бизнес» жобасындағы кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткен қатысушыларға берілетінін айтты.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *