Кеше Жаңаөзендегі жастардың жергілікті билік органдарынан жұмыс сұрап жатқан видеосын көрдім. Әрине, жергілікті билік органдары жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем жасауы тиіс десек те, мұндағы жұмыссыздық проблемасын тереңнен қарастыру керек деп ойлаймын. Қазақстанда жұмыссыздық проблемасы бар екені ақиқат (оған дәлел — жұмыс іздеп Ресейге кетуші Қазақстан азаматтарының саны Тәжікстаннан кейін екінші орын алып отыр екен). Бұл мәселе көбінесе еліміздің оңтүстік және ...
Толығырақ »Monthly Archives: ақпан 2019
Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтеді
Қостанай облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Жастар жылының шеңберінде өткізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ «Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында!» Жол картасын іске асыру барысы туралы айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Жол картасында барлық мемлекеттік құрылымның қатысуымен жүзеге асырылатын 78 іс-шара қарастырылған. Облыс әкімінің орынбасары жастар бастамаларын қолдауға ...
Толығырақ »Ардагер журналист Архимед Мұхамбетовті мақтады
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов күні кеше халық алдында жылдық есебін берді. Бұл жолы да әкімге сұрақ қоюшылар қатары көп болды. Ардагер журналист, Журналистер одағы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Сергей Харченко облысты үш жарым жыл басқарған Архимед Бегежанұлын мақтай жөнелді. «Архимед Бегежанович, Сіз менің жұмыс тәжірибемде облыстың он бірінші әкімісіз. Менің сөзім Президент аппаратының өкіліне бағытталады. Орта есеппен алғанда әр әкім ...
Толығырақ »Бәрінен бұрын Білім министріне «обал» болды
немесе бұл ведомствоға Ерлан Сағадиевтің сіңірген еңбегі орасан Күні кеше ел тұрғындарын елең еткізген оқиға болды. Нақтырақ айтсақ, 21 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті таратып, осы күнге дейін 10-шы Премьер-Министр болған Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев отставкаға жіберілді. Алайда, айтпағымыз бұл емес. Біздіңше, тура 3 жыл 11 күн Білім және ғылым министрлігін басқарған Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлына «обал» болғандай. Тұралап ...
Толығырақ »5,2 млн гектар алқапқа астық егіледі
Қостанай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі егіс науқаны мамыр айының ортасына қарай басталады. Қажетті техникалар, құрал-жабдықтардың дайындығы пысықталуда. Егілетін тұқым жеткілікті, жанар-жағармай қоры да сақадай-сай. Оны үлестіру кестесі де бекітілген. «Осы жылы Қостанай облыстық ауылшаруашылық құрылымдары 5,2 млн гектар егіс алқабына дән сіңіреді. Соның ішінде 4,7 млн гектары жазғы ...
Толығырақ »Тобылдық отбасыға тұрғын үй берілді
Таран ауданының Тобыл елді мекенінде көпбалалы отбасына тұрғын үй кілті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» партиясы Елбасының тапсырмасы бойынша көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын бастағаны белгілі. Жоба аясында Тобыл елді мекенінде тұратын Смирновтар отбасына тұрғын үй берілді. Отағасы Андрей Смирновтың айтуынша, бұл күтпеген сыйлық болды. «Біз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Расында да, үйіміздің ...
Толығырақ »Арқалықта автобус қар құрсауында қалып қойды
Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 14 адам мен 4 техниканы қар құрсауынан шығарды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «Арқалық — Ашутасты» жолында 11 жолаушы мінген PAZ рейстік автобусы қар құрсауында қалды. Оның ішінде 5 әйел болған. «Жедел-құтқару жасағының күшімен тоқтап қалған автобус тазартылған жолға шығарылды. Боран салдарынан Арқалық қаласына қарай өтетін жолды қар басып қалған. Сондықтан автобус Ашутасты ...
Толығырақ »Үйің болмай — күйің болмас
Бүгінде басыңда баспанаңның болу-болмауы әлеуметтік жағдайыңның, қоғамдағы орныңның, материалдық-қаржылық ахуалыңның белгісі іспетті. Жеке пәтері бар адам өзін ауқатты демей-ақ қояйық, әйтеуір қаржысы жеткілікті адам ретінде сезінетіндей жағдайға жетті. Тіпті 10-15 жылдай уақытша баспанада тұрып, кейін әупірімдеп жүріп пәтер алғандар кәдімгідей мақтанып, бұл әрекетін үлкен ерлікке балап жүр. Демек, бүгінгі қоғамда баспана әлеуметтік жағдайдың индикаторы болып тұр. Уақытша баспана демекші, жуырда ...
Толығырақ »Обамамен «сырласқан» Айдос
«Мүсін жасау өнерімен айналыса бастағаныма көп бола қойған жоқ. Барак Обама АҚШ президенті атанып, Мадам Тюссо музейінде оның балауыздан жасалған мүсіні пайда болды. Сол кезде халқымыздың тарихи тұлғаларының мүсіндерін жасау туралы ойладым. Біздің Қазақстанда да мұндай өнер бар екенін көрсеткім келді…» Бүгінде есімі көпшілікке танылып қалған жас суретші, мүсінші Айдос Есмағамбетов он шақты жыл бұрын республикалық «Нұр Астана» жастар апталығының ...
Толығырақ »«МЫҢ АЛҒЫС» қайырымдылық акциясы
«Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіретін «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС «МЫҢ АЛҒЫС» атты қайырымдылық шарасының аясында 2019 жылдың 11-28 ақпан аралығында өтетін «Қайырымдылықтан қалыс қалма! Алғысқа бөлен!» радио-видеомарафонын бастап кетті. Осы аралықта «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігіне қарасты «SHALQAR», «ASTANA», «CLASSIC» және «QAZAQ RADIOSY» радиоларының эфирлеріне еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары және меценаттар шақырылып, адамның бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі- қайырымдылық туралы ойлары ...
Толығырақ »