Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан

Қостанай облысы Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан адам 10 жылға сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2018 жылдың қазан айында белгісіз біреулер Мендіқара ішкі істер бөліміне келіп, кезекші тергеуші кабинетінің терезесіне екі рет қарумен оқ атқан.  Кейін облыстық Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Рахимов күдіктінің ұсталғанын растады. Оның автокөлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

«Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азамат «И» ҚР ҚК-нің 380-1 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын қылмыстық атқару жүйесіндегі максималды тәртіпте өтейді. Сонымен қатар, сотталушыдан ІІБ ғимаратының сынған терезесі үшін көлемі 82 000 теңге материалдық шығын және жәбірленушілер өтем қорына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем өндірілді» делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Қылмыс жасалған «ВАЗ 21102» автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *