Қостанай облысы Табиғи монополияларды реттеу департаментіне жаңа басшы келді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аппарат жиынында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бұған дейін Астана қаласында жұмыс істеген.

«Абзал Естаев бұған дейін Астана қаласының «ТКШ дамыту және жаңғырту орталығы» АҚ директорының орынбасары қызметінде болды. 2006-2012 жылдар аралығында елордадағы монополияға қарсы ведомствоны басқарды. Тәжірибесі мол», — деп таныстырды облыс әкімі. Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу департаментінде Мәлік Мадияров басшы болған. Ол өткен жылдың соңында қызметінен кетті.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *