Учаскелік полиция инспекторы Арқалық қаласында өзіне-өзі қол салмақ болған ер адамды құтқарды. Оның зайыбы А.Әлмағамбетова күйеуін өлімнен арашалап қалған тәртіп сақшыларына алғысын жаудырды.
Оқиға Арқалық қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде орын алған. Бұл уақытта әйелі пәтерге кіре алмай қалады, себебі жкүйеуі есікті ішінен құлыпталған. Әлмағамбетова өзінің учаскелік инспекторын жақсы білгендіктен, дереу қоңырау шалады. Күйеуі үйде жабылып, есікті ашпайтынын айтып, көмек сұрайды. Оқиға орнына аға лейтенант Әбілбек Ағатанов пен полиция капитаны Дархан Тұрғанов келеді.
Пәтер бірінші қабатта болғандықтан, полиция қызметкерлері күнқағарға мініп, үй иесінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көреді. Есіктер мен терезелер жабық болды. Сол кезде полиция қызметкерлері жақын маңда өтіп бара жатқан жігітті көмекке шақырып, оны пәтер терезесінен ішке еніп, есікті ашуды сұрайды.
Бірнеше минуттан кейін құтқару операциясы сәтті аяқталды. Тәртіп сақшылары ер адамды ілмектен алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қазіргі уақытта ер адам ауруханадан шығып, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Қостанай облысы ПД-нің баспасөз қызметі