Abai.kz порталы жазған қала орталығындағы тар ғимаратқа орналасқан №24 бастауыш мектепті қойма-қопсысы көп, күйі қашқан «Строитель» ауданындағы кең ғимаратқа көшіру туралы қала әкімінің бастамасы қостанайлық ата-аналар тарапынан қолдау таппағаннан кейін, шешім кейін қайтарылды. Биліктің жұртшылық пікіріне құлақ асуы – құптарлық көрініс. Бірақ бізде билік алдымен шешім қабылдап, сосын жұрт шуласа, шегіне бастайтын әдет қалыптасып келеді. Бұл орайда билік жүйесінде қалыптасқан шешім қабылдаудың ...
Толығырақ »Monthly Archives: маусым 2019
Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті
Қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мысыр, Румыня, АҚШ сынды әлемнің үздік әншілері «Мадам Баттерфляй» қойылымын италиялық көрерменге ұсынған болатын. Олардың арасында қазақстандың опера әншісі Сүндет Байғожин де бар. «Мадам Баттерфляй» қойылымын алғаш рет сахналап отырғанымыз жоқ. Бұрын «Астана Операда» көрерменге ұсынған болатынбыз. Десек те, бұл жолы жаңашылдық енгіздік. Қойылымның дирижеры Джузеппе Аквавива, режиссеры ...
Толығырақ »Мектебіміздің шалғайға көшірілуіне қарсымыз!
Қостанай қаласының әкімдігі қаладағы Алтынсарин көшесі, 107 мекен жайда орналасқан бастауыш білім беретін №24 мектеп-гимназияны Бородин көшесі 138/1 бойында тұрған бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратына көшіруге шешім қабылдағалы отыр. Керісінше, гимназия ғимаратын балабақша етпекші. Кеше осы мәселеге қатысты Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов білім ордасында ата-аналармен кездесу өткізді. Билік тарапы мен ата-аналар бір шешімге келе алмадық. Бұл 20 жылдан астам тарихы ...
Толығырақ »Таран Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым № 29
Толығырақ »1992 жыл: Торғайға табан тіреген Тұңғыш (видео)
Бұл — Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы 2 қыркүйекте Торғай облысына жасаған жұмыс сапарының бейнежазбасы. Торғайлықтар Елбасын қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашу шашып қарсы алды. фото: yvision.kz
Толығырақ »«Жүз жылдық жылнама»
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ел газеті — «Egemen Qazaqstan» басылымының 100 жылдық мерейтойына арналған «Жүз жылдық жылнама» атты 5 томды жинақтың тұсауы кесілді деп хабарлайды egemen.kz тілшісі. «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің айтуынша, 1919-1976 жылдар аралығын қамтитын 5 томдық жинақ әзірге 2000 данамен таралып отыр. «1919 жылы «Ұшқын» деген атпен шыға бастаған басылым әр жылдары түрлі атпен ...
Толығырақ »Қасым-Жомарт Кемелұлы көш бастады
Кеше жария болған Exit poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан жоғары дауыс жинап, көш бастады. «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова елордада өткен брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13%, Әміржан Қосанов — 15,39%, Дания Еспаева — 5,32%, Жамбыл Ахметбеков — 3,86%, Төлеутай Рахымбеков — 3,03%, Амангелді Таспихов — 1,41% және Сәді-Бек Түгел — 0,86% дауысқа ие болды деп хабарлады.
Толығырақ »«Қазақстан барысы» турнирінде торғайлық қос балуан белдеседі
Ертең елордада қазақ күресінен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан айтулы бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және күштік құрылымдар арасындағы турнирде іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысады. Осы орайда Қостанай облысының атынан белдесетін балуандар Асылбек Әбдіров пен Ғабит Балғынбаевпен аз-кем әңгімелесіп, турнирге дайындық барысын сұрадық. – «Қазақстан ...
Толығырақ »Қостанай облысының әкімі Instagram желісіне тіркелді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс басшысы желідегі алғашқы жазбасында тұрғындарды ашық диалог құруға шақырды. «Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары! Халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына кіре отырып, мен Instagram әлеуметтік желісіне тіркелдім. Әлеуметтік желі тұрғындармен ашық және тікелей қарым-қатынас жасауға өте ыңғайлы. Менің ойымша, біз оқырмандармен бірге біздің облыстың одан әрі даму перспективаларын ...
Толығырақ »Туристер санын төмендетіп отырсыздар… — Архимед МҰХАМБЕТОВ
Қостанай облысына келуші туристер қатары 13 пайызға артты. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горяннаяның сөзіне қарағанда, 2018 жылы облыста туризм саласының өсу үрдісі байқалады. Туристік салада көрсетілетін қызметтер көлемі 14,7% артқан. Бұл бағытта 1,7 млрд теңге жұмсалды. «Облысқа ...
Толығырақ »