Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті

Қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мысыр, Румыня, АҚШ сынды әлемнің үздік әншілері «Мадам Баттерфляй» қойылымын италиялық көрерменге ұсынған болатын. Олардың арасында қазақстандың опера әншісі Сүндет Байғожин де бар.

«Мадам Баттерфляй» қойылымын алғаш рет сахналап отырғанымыз жоқ. Бұрын «Астана Операда» көрерменге ұсынған болатынбыз. Десек те, бұл жолы жаңашылдық енгіздік. Қойылымның дирижеры Джузеппе Аквавива, режиссеры Лоренцо Амато сынды өнер саңылақтары. Хор жергілікті «Carlo Felice» театрының әншілерінен құралды. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген орындаушылармен бірге дайындық жүргізіп, өнер сүйер қауымның қошеметіне бөлендік. Ел аманаты әрқашан ерге қанат. Маған жүктелген аманатты абыроймен орындағаныма қуаныштымын», — деп ой қосты Сүндет Байғожин.

Қазақстандық опера әншісі бірнеше жыл бұрын дәл осы сахнада италяндықтарға ұлттық нақыштағы туындыларымызды ұсынып, «Абай» операсын қазақ тілінде қойған болатын. «Болашақта «Carlo Felice» театырымен бірлескен жобаларды жалғастырмақ ниеттемін. Келер жылы «Севиль шаштаразы» қойылымын жаңаша үлгіде көрерменге ұсыну жоспарланып отыр. Мүмкін Фигароның партиясын орындап қалармыз…» — деді  әнші алдағы жоспарларымен бөлісіп. Естеріңізге сала кетейік, Сүндет Байғожин бір ай көлемінде Италияның «Carlo Felice» театырында өнер көрсетіп, таяуда елге оралды. Енді «Астана Опера» театырының сахнасында ел көрермендеріне жаңа премьералар ұсынбақ.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *