Қостанай облысының мұғалімі халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды

Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы Шымкентте өткен Халықаралық мұғалімдер арасындағы конкурстан бас жүлдеге ие болып, автокөлік ұтып алды.

Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің География пәнінің мұғалімі. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап География пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 1993 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарасу селосында дүниеге келген. «Басты мақсатым: Қазақстан Республикасының білімді ұрпағын тәрбиелеу» дейді мұғалім.

Мынаны да қараңыз

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ...