Меңдіқарада адамдарды құлдықта ұстап отырған кім?!

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюктің сөзінше, ер адамды шынжырлап ұстап, буындырып өлтірген дәмханада сексуалдық құлдық та болған.

«Қыздарды қызмет көрсетуге, тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Олардың атынан несие алып, жазған. Яғни ол жерде неше түрлі сұмдық жайттар болған», — дейді қоғам белсендісі.

Нина Косюктің айтуынша, дәмхананың иесі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының бірнеше тұрғынын құлдықта ұстаған. Алайда, олардың дені бұл туралы ашық айтуға қорқады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында ер адамды ұрлап кетіп, шынжырлап ұстағаны туралы хабарланған еді. Оны ыдыстан тамақты кір қолымен алып жегені үшін өлтіріп, денесін өртеп жіберген.

Мынаны да қараңыз

Рудныйда тағы да коммуналдық апат болды

Рудный қаласында жылу желілерінде апат орын алып, салдарынан бірнеше көше жабылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наша газетаға» сілтеме ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *