Эльдар Күзенбаев қала халқын мерекемен құттықтады

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында «Ата Заң — келешектің кепілі» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сахнаны «Ақбота» халық би ансамблі «Ата заңым — тірегім» атты хореографиялық композициясымен ашты. Қала әкімі Эльдар Күзенбаев арқалықтықтарды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматқа қала әкімінің грамоталарын тапсырды.

Мәдениет сарайы жанынан құрылған көркемөнерпаздар ұжымы ән мен биден шашу шашты.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *