Бүгін Жанкелдин ауданының орталығы — Торғайда Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рахмет саған, туған ел!» жобасы аясындағы Ішкі саясат бөлімінің «Жаса, жайна Туған жер» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша және Б.Хамзин атындағы Өнер мектебінің ұйымдастыруымен Торғай жерінің тумасы, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиевпен кездесу кеші өтті.
Кеш ең алдымен Торғай мұражайлар кешенінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы әдеби мұражайында ақынға арналған экспозицияның ашылу салтанатымен басталды. Айбек Киікбайұлын жергілікті өнерпаздар Мәдениет үйінін алдынан әдемі бимен қарсы алып, фоеде орналасқан орталықтандырылған кітапхана мен мұражайлар кешенінің ақынға арнаған көрмемен таныстырды.
Сахнада ақынға сұрақтар қойылып, термелер, əндер шырқалды. Айбек ақын іс-шар аясында ақын Зылиха Кенжеғожинамен айтысты. Кеш соңында аудан əкімінің орынбасары Бақытжан Қуанышбекұлы айтыскерге домбыра мен алғыс хат сыйлады. Кешті жүргізген — Ғабит Сүндетбаев.