Таспа

Журналист Рудныйдағы пәтерінен өлі күйінде табылды

Солтүстік Қазақстанда шығатын «Игілікті іс» («Хорошее дело» — ред.) газетінің журналисі Сергей Петренконың Қостанай облысы Рудный қаласындағы пәтерінде мәйіті табылды. «Біздің Қостанай» сайты «алдын ала ақпарат бойынша, Петренконың жүрегі тоқтап қалған» деп жазады.

«Наша газета» сайты Петренконың туыстарына сілтеп, журналистің кеше, 11 қыркүйекте қоңырауларға жауап бермегенін жазады. Туыстары оны таңертең кілттенген пәтерінен тапқан.

Биыл қаңтарда 42 жасқа толған Петренко мектеп бітірген соң кеніште істеп, кейіннен «Рудный жұмысшысы» газетінде тілші болған. Соңғы жылдары «Игілікті іс» газетінде істеген.

 

Дереккөз: Азаттық

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысының бас имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *