Ерлан ҚАЛМАҚОВ, Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы: Биыл өңірдің киелі жерлерінің тізіміне қосымша 9 нысан енгізілді

Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында киелі нысандардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жасалған Жол картасының орындалу барысы талқыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуына қарағанда, өңірде 29 киелі нысан бар. Атап айтқанда, жалпыұлттық маңызы бар – 10, өңірлік маңызы бар 19 нысан тіркелген. Олардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жасалған Жол картасының шеңберінде 175 млн теңге жұмсалған.

«Амангелді, Жангелдин, Денисов, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым аудандарының әкімдіктері 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасында көзделген іс-шараларды толық көлемде орындады. Жангелдин ауданында жалпы сомасы 3,65 млн теңгеге Қазыбай әулие мазарына құрылыс жұмыстары жүргізіліп, зиярат етуге келгендер үшін үй салынды. Қобызшы Тілеп Аспантайұлы жерленген жерде 12 млн теңгеге мавзолей тұрғызылды. Бейімбет Майлин ауданындағы Жабағы Ипанұлы батырдың жерленген жеріне қоршаулар мен қақпа орнатылып, кірме жол салынды. Жалпы, облыстың барлық киелі нысаны қанағаттанарлық жағдайда. Барлық объектілерде QR коды бар үш тілдегі ақпараттық тақтайшалар орнатылған», — деп мәлім етті Ерлан Қалмақов.

Осы жылы Қостанай облысының киелі жерлерінің тізіміне қосымша 9 нысан енгізілді.

Ерлан Қалмақов облыс әкіміне 2020 жылы тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығын ашуды ұсынды. Орталықтың мақсаты өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу болмақ. Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Мәдениет басқармасы басшысының ұсынысын қолдады. Сондай-ақ ол өңірді таныстыратын 10-15 минуттық бейнефильм жасауды тапсырды.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *