Архимед Мұхамбетов ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Денисов және Қамысты аудандарына жұмыс сапарымен барып, Nur Otan партиясының жергілікті кеңсесінде тұрғындарды қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Мұхамбетовтің Nur Otan партиясы кеңсесіндегі қабылдауына екі ауданның тұрғындары жазылған. Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылының бірнеше азаматы былтыр ауыз сумен қамтылған елді мекенге енді газ құбыры тартылса игі болар еді деген тілектерін жеткізсе, Денисов ауданының тұрғындары көптен күтім көрмеген кейбір кітапхана, музей ғимараттары сияқты руханият ошақтарын жөндеуден өткізуге көмек сұрады.

«Газ проблемасы облыс бойынша кешенді түрде шешіліп келеді. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бар. Бірақ дәл бүгін-ертең газ тартып береміз деп айта алмаймыз. Кезек келеді. Жалпы, облыс көлемінде мыңдаған әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар тоқтап қалмайды. Ауыл тұрғындарының мәселелері үнемі назарымызда. Ал кітапхана, музей ғимараттарын жөндеу туралы бастамаларыңызды қолдаймын», — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінен көмек сұрай келген тұрғынның бірі – Некрасов ауылының тұрғыны Надежда Строгова. Бұл ауыл бір-екі жыл бұрын көгілдір отынмен қамтылған. Еңбек ардагері қазір екі пәтерлі үйдің жартысында тұратынын, көршісі газбен, өзі көмірмен от жағып отырғанын айтып, өңір басшысынан үйіне газ енгізіп беруді өтінді. А.Мұхамбетов көгілдір отыннан қағылған кейуананың үйіне тез арада газ құбыры енгізілу керектігін айтып, бұл міндетті аудан әкіміне тапсырды.

Архимед Мұхамбетов Қамысты ауданындағы Алтынсарин орта мектебіне барды. Қазақ және орыс сыныптары аралас оқитын бұл оқу ошағында 250 бала білім алады. Биыл мектеп 295 млн теңге бюджет қаржысына күрделі жөндеуден өткен. Білім мекемесінің ғимараты толықтай жаңартылып, спорт залы, пәндік кабинеттері қайта жабдықталған. Мектеп жfнынан 45 балаға шақталған интернат салынған. Алтынсариннің айналасындағы шағын ауылдардың балалары алдағы жылдан бастап осы интернатта жатып оқиды. Облыс әкімі педагогтармен жүздесіп, мектеп сыныптарын аралап көрді. Спорт залына бас сұғып, жас спортшылардың жаттығуын тамашалады. Робототехника кабинетіне кіріп, оқушылармен әңгімелесті. Бұл кабинетті балаларға «Алтынсарин» серіктестігі 8 жарым млн теңге қаржыға жабдықтаған.

Арxимед Мұxамбетов мектепке күрделі жөндеу жүргізген мердігер жұмысына оң баға берді.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *