28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды

28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады», — деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Еске салайық, 27 желтоқсан күні Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.  Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтқан.

P.S. Тобыл-Торғай сайты ұжымы әуе апатынан қазақ болғандардың отбасына және туған-туыстарына көңіл айтады.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *