Арқалықта бірнеше адам этанолдан уланып қалған. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
«Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 5:20 кезінде ауруханаға түскен. Бүгін уланған 9 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Арнайы сараптама бекітілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде» делінген полицияның ақпараттық хабарламасында. Мамандар қылмыстық істің барысын бақылауға алды.