Бұл туралы облыс әкімі инстаграмдағы парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
«Құрметті қостанайлықтар!
Менің COVID-19-ға тапсырған сынағым теріс нәтиже көрсетті және бүгіннен бастап жұмысқа кірістім.
Өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақырамын» деді Архимед Мұхамбетов.
Сондай-ақ әкім барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істегендері үшін алғыс айтып, барша жұртқа зор денсаулық және амандық тіледі.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.