«Халыққа химиялық у шашып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

Әлеуметтік желіде «халыққа химиялық у шашылып жатқаны» жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен.

«Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қасақана жалған ақпарат тарату қылмысы үшін жазаға тартуды көздейді», — деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ...