Monthly Archives: шілде 2020

«Қазір адамдар күн сайын көз жұмып жатыр»: қостанайлық дәрігерлер жұмысқа шығудан бас тартты

Бүгін Қостанай облысында індет жұқтыру жағдайы бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетіп, бір күнде бірден 48 науқастан Covid-19 анықталды. Күн санап асқынып бара жатқан күрделі ахуалға қарамастан, бір-екі күн бұрын уақытша провизорлық стационар қызметіне көшкен қалалық аурухананың бірнеше дәрігері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Басты себеп – аса қауіпті аймақ саналатын провизорлық стационардағы қарапайым санитарлық талаптардың сақталмауы. Провизорлық стационарда жұмыс істейтін ...

Толығырақ »

Тәуелсіздіктен де жақсылық көрмеген Торғай еліне Алла жар болсын

Алақандай Арқалықтан бейресми деректер бойынша бүгіндікке 18 адам қайтыс болыпты, сенбейін десем, тек өзім танитын 6-7 кісінің қазасын естіп отырмын. Бұл туралы белгілі айтыскер ақын, ғалым Айбек Қалиев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сондай-ақ ол қала тұрғындары дәрі-дәрмек таба алмай, сандалып жүргенін жеткізді. «Тіске басар таблетка таппаған жұрт тентіреп кетті, ақыр аяғы Аллаға аян! Не ақ патшадан, не ...

Толығырақ »

Тірі адамға ескерткіш

Биыл біздің мектеп бітіргенімізге бес жыл. Көктүйнек орта мектебін енді көрместей, есігін қайтып ашпастай болып қоштасқанымыз кеше ғана сияқты еді. Әупірімдеп «Әліппе» ашып, бірінші сыныпқа барған кезімнің өзі тұп-тура бүгінгідей көз алдымда. Кішігірім шөмеледей шашын желкесіне түйген, түйе арбаның доңғалағындай көзілдірігінен шүңірек көзі жылтыраған мұғалима (есімі Шәрипа екен) біздерді жетектеп кабинетке кіргізіп, бой-бойымызбен орналастырды. Бәкенелер бірінші қатарға жайғасты, сидам сирақты ...

Толығырақ »

«Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық музейінде «Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының онлайн тұсаукесері өтті. Бұл туынды еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейтойына және Астана күні мерекесіне  орай жарыққа шықты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітапта Елбасының Қазақстанның құқықтық тәртіп әскерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан ерекше рөлі туралы айтылады. Тұсаукесер эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы ...

Толығырақ »

Арқалықта «Домбыра» композициясы пайда болды

Қостанай облысының Арқалық қаласында «Домбыра» композициясының ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Бұл жоба «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қолға алынды. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 70 см. Қаңқасы темірден жасалып, сырты синтетикалық материалмен қапталған. Құны 950 мың теңге болатын мүсіннің авторы Амангелді ауданының жас кәсіпкері Жасұлан Нұрбаев. Мүсіннің лентасын қию құрметі мәдениет қайраткерлері ...

Толығырақ »