06.10.2020

Жітіқара ауданы аумағында санитарлық бекет қойылды

Бүгін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды. Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады. Сондай-ақ бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған. Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі ...

Толығырақ »

Бейімбет Майлин ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап.  Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай ...

Толығырақ »

Рудныйда салмағы 6 келі болатын сәби дүниеге келді

Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді деп хабарлайды «Алау». Сәби 1 қазанда Рудный қалалық көпбейінді ауруханасында дүниеге келген, оны Елжан деп атаған. Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің басшысы Людмила Төлебаеваның айтуынша, оның көп жылдық тәжірибесінде осындай салмақтағы бала алғаш рет дүниеге келген.  Анасының айтуынша, босану асқынусыз өткен. «Мен ірі бала дүниеге келеді деп күттім, бірақ соншалық үлкен болады ...

Толығырақ »