Жангелдин ауданы Қызбел ауылында қуанышты оқиға

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында ұзақ жылдар бойы күткен ұялы байланыс құралы іске қосылды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz сайты.

Өткен жылдың соңында Алматы қаласының АЖИО компаниясы ауылға Beeline ұялы байланысын орнатқан. Соның арқасында ауыл тұрғындарын 3G интернетімен қамту мүмкіндігі туып отыр. Ауыл әкімі  Қайсар Сұлтанбекұлы Нұрғазин осы бір игілікті істің орындалуына ықпал еткен азаматтарға ауыл тұрғындары атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, 2020 жылдың шілде айында Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырған еді.
«Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл — халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды» , — деген болатын Президент.
Ал қыркүйек айында Премьер-министр Асқар Мамин ауыл халқының 99%-ына интернет қолжетімді болатынын хабарлаған. Нәтижесінде көптеген алыс ауылдарға ұялы байланыс орнатылды. Бұған Қостанай облысына қарасты Жангелді ауданындағы ауылдарды мысал етуге болады. Осылайша, күні бүгінге дейін ұялы байланыс пен интернеттің игілігінен қағылып келген қызбелдіктер кеш те болса қуанышқа кенеліп отыр.
Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,
журналист

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...