Қостанай шенеуніктері тұрғындармен аудармашы арқылы сөйлесіп жүр

Қостанай қаласының әкімдігіне сұрақтары туындап, кадр бөліміне хабарласқан журналист Әсел Мұхамбетова шенеуніктерден мемлекеттік тілде сөйлейтін адам таппай қиналған, деп жазды tobyl-torgai.kz.
«Менің қазақша сауалдарымнан үркіп, трубканы бір-біріне «лақтырған» бөлім мамандарының әрқайсысына қайта-қайта мәселемді баяндауға мәжбүр болдым. Сабырлы және сыпайы болдым.
Қазақша сөйлемек түгілі түсінбейді екен, «переведите на русский» деді.
Даусымды қатайтып, «маған қазақша сөйлейтін адам табыңыздар, жылдам»…
Қысқасы, Айнұр есімді аудармашы арқылы сөйлестік. Әдетте, солтүстік өңірлерге кешіріммен қараймыз ғой, бірақ әкімдіктің тұтастай бір бөлімінен қазақша сөйлейтін кісі табылмағаны қалай?!» — деген әріптесіміз, бұл мәселені Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы назарға алуын өтінген.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *