Бүгін Қостанай қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Іс-шараның мақсаты — жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету және терроризм актісінің салдарын жою мен азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтап, сабырлық танытуға шақырамыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.
Толығырақ »Monthly Archives: сәуір 2022
Қостанай облысында оқушылар шіркеуде білім алып жүр (ВИДЕО)
Қостанай облысына қарасты Жуков ауылының балалары патша заманынан қалған шіркеуге күнде баруға мәжбүр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап. Бұл ретте оқушылар шіркеуге діни жоралғылар жасауға емес, заманауи білім алу үшін барып жүр. Себебі мектеп тұрғызылғанына 200 жылға жуықтаған шіркеуге жапсарласа салынған. Қазір ол апатты жағдайда тұр. фото: видеодан скриншот
Толығырақ »Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған
Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді алтын стафилококк анықталды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қостанай облысында биылғы жылдың 20-21 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный тау-кен-технологиялық колледжінің» КМК студенттері жаппай тамақтан уланған болатын. Жұқпалы аурулар бөліміне барлығы 14 адам жатқызылды. Оқи отырыңыз: Рудныйда 70-тен ...
Толығырақ »«Үй алып беремін»: Қостанай тұрғыны жалғызбасты әйелдерді төрт миллион теңгеге алдап кеткен
Қостанайлық ер адам жалғызбасты әйелдерді алдап, төрт миллион теңге қаражаттарын алып кеткен. Жігіт өзінің құрбандарын танысу сайттарынан іздеген. Төрт әйел алаяқтың құрығына түсті, деп хабарлайды tobyl-torfai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Полицейлердің айтуынша, күдікті ажырасқан әйелдермен сайттарда танысқан. Ол сезім білдіріп, артынша арзан бағада пәсер алуға көмектесемін деп алдаған. Әйелдер арзан пәтер алуға тез келіскен. Ер адам кездесу ұйымдастырып, сатып алушыға құжаттарды беріп, аванстық төлем жасау ...
Толығырақ »Қоғамдық кеңес мүшелері Антикормен бірге мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді
Бұл туралы күні кеше болған дөңгелек үстел қорытындысы бойынша екі мекеменің ынтымақтастығы туралы бірлескен меморандумға қол қоюынан кейін мәлім болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған жүйелі күш пен келісілген әрекет қажет. Ал сыбайлас жемқорлық экономикалық зияннан басқа, азаматтарымыздың жан дүниесі мен психологиясын жегідей жейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі қызметі ...
Толығырақ »Қостанайда 300 жүк көлігінің жүргізушісі жұмыссыз қалды
Қостанай облысында тапсырыстың болмауынан бір топ жүк көлігінің жүргізушісі жұмысынан айырылды. Бұл туралы Қазақстанның жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев мәлім етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Біздің саланың жұмысына алдымен пандемия әсерін тигізді. Оның салдарынан жиһаз материалдарының бағасы өсті. Сәйкесінше, жиһаз жасау, сату бәсекесі күрт азайды. Биыл сала қызметіне 2 жағдай әсер етті. Алдымен қаңтардағы ...
Толығырақ »Рудныйда 70-тен астам студент колледж асханасындағы тамақтан уланып қалды
Қостанай облысы Рудный қаласындағы колледж асханаларының бірінде студенттер жаппай тамақтан уланып қалды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы студенттердің қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханадағы тамақтан уланған. Жүрек айну сынды белгілерді байқаған студенттер жаппай ауруханаға жүгіне бастаған. Алайда 10 студентке медициналық көмек қажет болған. Олар ауруханаға жатқызылған. Жағдайлары негізінен ...
Толығырақ »Митинг мәдениеті
(Жиыннан кейінгі ой) Торғайлықтар митинг өткізді. Жалпы, Торғай жерін айтқанда, өңір тарихының айшықты тұстарына, ел азаттығы мен рухани озаттығы үшін жанын пида етіп, терін төккен тұлғаларына қарап, «киелі топырақ» деген теңеу қоса айтылуы бекер емес. Басқаны былай қойғанда, бұл теңеу сол топырақта туғандарға қосымша салмақ жүктеп, соған лайық болуға ұмтылдыратынын кешегі митинг те көрсетті. Талай митингке барып, түрлі жайлардан жүрегі ...
Толығырақ »«Торғай облысы ашылсын!»: Елордада бейбіт митинг өтті (ФОТО, ВИДЕО)
17 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы цирк алаңында бейбіт митинг өтті. Онда жиналғандар Үкіметтен Торғай облысының ашылуын талап етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Видео журналист Бақытнұр Әлібай жүргізетін TIEK-арнасыныкі.
Толығырақ »Биыл облыс спортын дамыту үшін 12,8 млрд теңге көзделген
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушыларды және «Қостанай облысының үздік спортшылары мен жаттықтырушылары» конкурсының лауреаттарын марапаттады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Өңір басшысы дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 47 үздік спортшы мен жаттықтырушыға ақшалай және естелік сыйлықтар тапсырды. Олардың ішінде 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарының 11 қатысушысы да бар. Сондай-ақ Мәдениет және спорт ...
Толығырақ »