Қостанайда 300 жүк көлігінің жүргізушісі жұмыссыз қалды

Қостанай облысында тапсырыстың болмауынан бір топ жүк көлігінің жүргізушісі жұмысынан айырылды. Бұл туралы Қазақстанның жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев мәлім етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Біздің саланың жұмысына алдымен пандемия әсерін тигізді. Оның салдарынан жиһаз материалдарының бағасы өсті. Сәйкесінше, жиһаз жасау, сату бәсекесі күрт азайды. Биыл сала қызметіне 2 жағдай әсер етті. Алдымен қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер, одан кейін Ресей Федерациясына салынып жатқан санкциялар. Өз кезегінде, Ресей жиһаз ғана емес, бірқатар сала бойынша экспортты тоқтатып жатыр, — деді Қанат Ибраев Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің есептік кездесуінде.

Оның айтуынша, аталған мәселе елордаға ғана емес, басқа да өңірлерге қатысты.

Сонымен қатар қазір Ресей орман ағашы экспортына тыйым салып жатыр. Бұл біздің орта және шағын бизнеске тікелей әсер етеді. Оның ішінде жиһаз жасау саласы да бар. Әсіресе, Ресеймен шекаралас ШҚО, Қостанай облыстарына ауыр соғады. Мысалы, қазір Қостанай облысында шамамен 300 жүк көлігінің жүргізушісі жұмыссыз қалды. Біз мәселені шешудің жолын қарап жатырмыз. Дегенмен, бұл бизнес емес, саясат, — дейді ол.

фото: sputnik

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...