Қостанайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына орай дөңгелек үстел өтеді

Бүгін сағат 11:00-де Қостанайдағы Жастар сарайының конференц-залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Дөңгелек үстел жұмысына сарапшылар кеңесінің мүшелері, жоғары оқу орындарының белсенділері, оқытушылар, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, мұражайлар, Мәдениет және Білім басқармаларының өкілдері және т.б. қатысатын болады.

Іс-шараны «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысы Марат Жұрқабаев ашады.

Философия ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ профессоры – Сафар Қолдыбаев, «Sanaly urpaq – 2050» ҚҚ төрағасы Нұрбек Әбдібеков, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Кенжегүл Есіркепова, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы Марғұлан Оспанов, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ басшысы Бекболат Уәлиев және М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Андрей Лисовский спикерлер ретінде сөз сөйлейді, — делінген хабарламада.

Іс-шара «Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталған «Шежіре ғұмыр» танымдық іс-шаралар циклі шеңберінде ұйымдастырылып жатыр.

фото: ашық дереккөз

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *