4 шілдеде Қостанайда толассыз жаңбыр жауып, салдарынан көшелерді су басты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Әлеуметтік желіде көліктер мен автобустардың Гагарин көпірінің астындағы су басқан жолмен жүріп жатқан видеосы пайда болды.
Қостанай облысның ТЖД мәліметінше, коммуналдық қызмет жағдайды қалпына келтіріп, қазір азаматтарға ешқандай қауіп жоқ.
«Құбырлар бітеліп қалды. Коммуналдық қызмет шығып, құдықтар ашылды, судың бәрі кетті. Азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ, 101, 112 қызметтері шақырылған жоқ. Гагарин көпірі астына үнемі су жиналады. Бұл – жаңалық емес», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Фото: видеодан кадр